14.12.2022, 16:15
Оқылды: 48

Бөрлі аудандық ауруханасының травматологы МӘМС шеңберіндегі күрделі операцияларды сәтті жүргізеді

Бөрлі аудандық ауруханасына шұғыл түрде сол жіліншіктің тобығы сынған 58 жастағы науқас түсті. Науқастың айтуынша оны қатты ауырсыну сезімі, аяқтың ісінуі мазалаған. Травматологпен тексерілгеннен кейін оған хирургиялық емдеу ұсынылды. Осыған байланысты науқас Бөрлі аудандық ауруханасына жатқызылды.

2

Хирургиялық бөлімше меңгерушісі Бақытбек Ермекұлы Каджанов, травматолог-дәрігер Есенғали Дүйсенбекұлы Дүйсекеев, анестезиолог Лариса Отанқызы Исмагулова және операциялық медбике Зарина Қанатовадан тұратын операциялық бригада жоғары кәсіби деңгейде "Сынықтарды ашық репозициялау, сол жақ жіліншік тобығының сүйек пластинасымен және бұрандалармен металлостеосинтезі" күрделі операцияны сәтті орындады.

Остеосинтез – бұл сынықтарға сүйектерді біріктірудің заманауи әдісі, ол гипске тиімді балама болып табылады, сонымен қатар сынықтарға гипс салу мүмкін емес жағдайларда қолданылады. Процедура сүйек сынықтарын арнайы құрылғылардың көмегімен бекітуді қамтиды, нәтижесінде тіпті күрделі сынықтар тез және қиындықсыз біріктіріледі.

Осылайша, дер кезінде жасалған операцияның арқасында науқас толыққанды өмірге оралды. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жасалды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале