Мектептің 1993 жылғы түлегі, Шыңғырлау ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Матимович Кучекбаев атындағы арнайы кабинет салтанатты түрде ашылды.

Жаңа кабинет заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне, білім мен тәрбие алуына үлкен мүмкіндік сыйлайды. Бұл – жас ұрпаққа елге қызмет етудің, Отанды сүюдің жарқын үлгісі.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан қонақтар:

Облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі, полковник Мақсат Жақияұлы Мұқанов;
БҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Әсембек Уалиханұлы Ахметов;
БҚО басқармасының әдіскері Мейрлан Аманжолұлы Нурканов;
Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Ығылманұлы Есенов.
Осындай игі бастаманың жүзеге асуына үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз!
Жаңа кабинет жас ұрпақтың биік мақсаттарға ұмтылып, ел қорғаны болуына шабыт берсін!
БҚО Қорғаныс департаменті баспасөз қызметі