10.07.2022, 9:59
Оқылды: 117

Бүгін батыс облыстарда қатты ыстық болуы мүмкін - Қазгидромет

Бүгін, 10 шілдеде Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Синоптиктердің болжауынша, Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

9002B7D5-558E-4111-9B9C-B4636B69CAA0

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында - 15-20 м/с.

«Күндіз 10 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 16 м/с», - деп жазды Қазгидромет.

Күндіз 10 шілдеде Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысында 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале