22.06.2023, 17:12
Оқылды: 249

Бүгін – Ұлы Отан соғысының басталған күні

Осыдан тура 82 жыл бұрын фашистік Германия Кеңес Одағына соғыс ашты. Дәлірек айтсақ, маусымның 22-і күні, шамамен таңғы төртте неміс әскері батыс шекараға басып кірді. Тарихта ІІ Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы – Ұлы Отан соғысы басталды.

IMG-20230622-WA0121

Жерлестеріміз майданда шейіт болды. Іс-түзсіз жоғалып кеткендер қаншама. Төрт жыл бойғы қан майданда Кеңес үкіметі 27 миллион адамынан айырылды.

Азаттық үшін шайқасқан аталарымыздың өшпес ерлігі ұрпақтар жадында мәңгі сақталуы керек. Бүгін оралдықтар Отан үшін от кешкен жауынгерлерді еске алды. Жиналғандар «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды.

IMG-20230622-WA0120

«Бәріңізге белгілі, 1941 жылғы 22 маусым күні Германия әскері КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасады. Бүгінгі күн біздер үшін де, барша қазақстандықтар үшін де есте қаларлық, қайғылы күн. Ата-бабаларымыздың, әке-ағаларымыздың дүниеден өткен күні. Ел үшін, Отан үшін жандарын қиған күні. Енді мұндай соғыс болмасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медғат Қамбетов.

IMG-20230622-WA0122

Айта кетейік, 1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына Ақ Жайық өңірінен 80 мыңға жуық азамат аттанды.

Олардың 36 мыңы Отанымыздың бостандығы үшін өз өмірлерін қиды.

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі

IMG-20230622-WA0117 IMG-20230622-WA0124 IMG-20230622-WA0118

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале