5.08.2022, 16:31
Оқылды: 279

Бүгін – Халықаралық бағдаршам күні!

Бағдаршам – біздің өмірімізде маңызды рөл атқаратын құрылғы. Ал, Сіз 5 тамыз халықаралық бағдаршам күні екенін білдіңіз бе? Бағдаршам туралы қызықты мәліметтер мен шығу тарихы жайында сөйлесейік. Бағдаршамның маңызын күнделікті өмірде түсіне бермейміз. Ал, ол істен шықса бітті... Барлық қала базарға айналады. Көлік кептелісі, жол қозғалысы, адам жүрісі бәрі сабылып кетеді.

13

Фото: file.liga.net

5 тамыз бағдаршам күні ретінде атап өтіледі. Бұл мереке алғаш рет бағдаршам орнатылған күннің құрметіне қойылған. Ең алғашқы бағдаршам Американың Кливленд қаласында 1914 жылы 5 тамызда орнатылған.

Бағдаршамды алғаш болып 19 ғасырда британдық Джей Найт есімді адам ойлап тапқан. Бірінші бағдаршам қолмен басқарылатын және екі қанатты болған. Біріншісі «тоқта» дегенді білдірсе, екінші қанаты «байқап қозғалыңыз» дегенді білдірген. Күн батқанда қол шамды қолданып, жасыл, қызыл түстерді беріп, көліктерді қадағалаған.Бірақ, жоба сәтсіз аяқталған. Біріншіден, ол қолмен басқарылатын болған, екіншіден светофор жарылып, полицейлердің өзі жарақат алған. Сол себептен бағдаршам шығару мәселесіне нүкте қойылады.

Бірақ, көлік нөпірі, адам қозғалысын реттеу күннен күнге қиындай береді. Сондықтан да 1910 жылы бағдаршам шығару туралы тағы ойлана бастайды. Сол жылы алғаш рет автоматты түрде жұмыс істейтін екі түсті бағдаршам ойлап табылады.

Ал, 1914 жылы алғаш болып Америкада бағдаршам қолданыла бастайды.Ол да қызыл және жасыл түстен тұрған. Бағдаршамға сары түсті кейін келе қосқан. Алғаш рет үш түсті бағдаршам Нью-Йоркте 1920 жылы қойылған.

Ирландиялықтар тұратын Америкадағы кішігірім қалашықта бағдаршамда бірінші қызыл түс емес, жасыл түс орналасқан. Бұл бағдаршам 1925 жылдан бері келе жатыр. Өйткені оған дейінгі бағдаршамды жергілікті балалар таспен ұрып, сындырып тастайтын болған. Себебі олар Ирландияның символын білдіретін жасыл түстің қызыл түстің астында тұрғанын қаламапты. Билік өкілдері әлемдегі жалғыз керісінше бағдаршамды жасау үшін 3 жыл уақыт жұмсаған.

Қазіргі бағдаршамдар бұрынғыдан өзгеше. Олар тек көлік қозғалысын ғана реттемейді, бақылау құрылғысы ретінде жұмыс істей де алады.Және адамдардың өздері қолмен шақыратын жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдар да бар.

БҚО бойынша 148 бағдаршам бар. Оның 119-ы Орал қаласының көшелерінде орнатылған. Ал, тұрғындар өздері шақыратын жаяу жүргінші бағдаршамының саны – 31.

Сіз бағдаршамға бағынасыз ба? Әлде өзіңіз қалаған жерден өтесіз бе? Пікір қалдырыңыз...

Жанат Көшкінбайқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале