5.08.2022, 10:15
Оқылды: 105

Бүгін - халықаралық сыра күні

Сыра әлем бойынша су мен шәйдан кейінгі ең көп ішілетін сұйықтық түріне жатады. Сыраны зерттейтін ғылым – зитология деп аталады. Грек тілінен аударғанда, «зито» – сыра, «логос» – зерттеу дегенді білдіреді. Оны алғаш болып, шамамен 10 мың жыл бұрын Ежелгі Мысырда ойлап тапқан.

13

Фото дереккөзі: sn.kz

Бұл ішімдікті өңдіретін әлемдік көшбасшы – бельгиялық AB-InBev компаниясы. Ең көп мөлшерде тұтынатын мемлекет – Чехия екен. Одан кейін, Ирландия және Германия.

Ежелгі адамдар оның өңдірісіне қатал қараған. Егер сусынның дәмі жаман болса, дайындаған адам өлім жазасына кесілген.

Айтпақшы, сыраны алғашқы кезде тек әйелдер ғана дайындайтын болған, тек кейін ғана бұл кәсіпті ерлер өз қолына алыпты.

Әлемдегі ең ежелгі сыра қайнату компаниясы – Германияның Фрейзинг қаласындағы Вайншстефан зауыты. Ол 1040 жылы құрылған.

Сыра туралы Сіз бен біз естімеген қызық оқиғалар баршылық.

Мысалы, неміс ғалымдары, 1 литр сыра, 1 литр сүттен 10 есе пайдалы деген мәлімдеме жасап жіберген.

Ал, Амстердам қаласының көшелерін тазарту үшін, жергілікті жұмыскерлерге 10 еуро, жарты қорап темекі мен 5 бөтелке сыра беріледі екен. Осы әдісті біздегі жұмыскерлерге қолданып көрсе қалай болар екен.

Сыраны әйелдер де, ерлер де сүйсініп ішеді. Бірақ дәл, Мидер секілді ішетін адам жоқ шығар. Ол, Чехияның Острава қаласында өткен бағдарлама кезінде, 3 минуттың ішінде 10,5 литр сыра ішіп, әлемдік рекордты жаңартқан.

Әлем бойынша ең қымбат сыра – Vielle Bon Secours деп аталады. Оның бір бөтелкесі 1000 долларға сатылады.

Ал, Сіз сыраны қаншаға сатып алып жүрсіз? Төменге пікір қалдырыңыз...

Естеріңізде болсын! Сыраны көп мөлшерде тұтыну, денсаулыққа зиянды!

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале