10.08.2022, 17:30
Оқылды: 100

Бүгінгі жастар –  еліміздің болашағы

Қала еріктілеріне арналған әр түрлі бағыттағы тегін курстар ашылды.  Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында басталды.

23be8f97-21a3-409c-beaa-42c93593251f

«QAZAQSTAN JASTARY» Қоғамдық Қоры БҚО жастардың волонтерлік қозғалысын дамыту қызметінің, Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің, «AMANAT» партиясының қолдауымен маусым-шілде айларында Еріктілерге арналған әр түрлі бағыттағы тегін курстар ашу және өткізу жұмысы жүргізілді.

Тегін курстар 5 түрлі бағытта болды: мобилография, қолөнер, замануи би, шаштараз, қыш құмыра жасау. Қатысушыларға белгіленген уақыт аралығында курс өткендігін расттайтын арнайы сертификаттар беріледі.

Демеушілер мен еріктілерді тарту, сабақтар ұйымдастыру, жастарды ынталандыру, қатысушылардың осы салалардағы қабілеттерін дамыту және жетілдіру, оларға сенімділік сыйлап  одан да үлкен жетістіктерге жеткізу мақсатында бастау алған курсқа қатысушылар үздік нәтиелер көрсетуде. Өздерін әр түрлі бағытта шыңдап, қабілетерін арттыруда.

Зауре Бекенова

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале