Медицина саласы қызметкерлеріне құрмет
18 Маусым 2021

Медицина саласы қызметкерлеріне құрмет

Шыңғырлауда медицина қызметкерлері марапатталды
18 Маусым 2021

Шыңғырлауда медицина қызметкерлері марапатталды

Жәнібек ауданы әкімі медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады
18 Маусым 2021

Жәнібек ауданы әкімі медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады

Мемлекеттік қызметшілерге арналған спариакиада
18 Маусым 2021

Мемлекеттік қызметшілерге арналған спариакиада

Шаруа шабындыққа жұмылды
18 Маусым 2021

Шаруа шабындыққа жұмылды

«Халықтың тыныштығын сақтау – басты міндет»
18 Маусым 2021

«Халықтың тыныштығын сақтау – басты міндет»

Бүгінгінің батырлары сап түзеді

Орал қаласындағы №5517 әскери бөлімде Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысып, сарбаздарды төл мерекемен құттықтады.

16A178A3-7967-4B54-AE4F-87E0FE7F9327

- Құрметті әскери қызметкерлер, сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. 1992 жылы 7 мамырда  еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Ұлттық қарулы күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл мереке өмірімізге еніп, әскери парызымыз бен бейбітшілік келісімді сақтайтын жанқиярлық патриотизмнің үлгісіне айналды. Қоғамдағы қауіпсіздікті қорғауда Ұлттық ұлан маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы бұл салаға ерекше ден қоюына байланысты құқықтық тәртіп әскерлері жеткілікті кадрлық және техникалық әлеуетке, заманауи жабдықталған және мобильді бөліністерге ие. Ұлттық ұлан патриотизм, достық және ерлік мектебіне айналды. Тәуелсіздік алған күннен бастап  көзсіз ерлігі мен батырлығы үшін Ұллттық ұланның 169-дан астам әскери қызметшісі мемлекеттік марапаттауларға ие болды. 40-тан астам әскери қызметші ордендер иеленсе, полковник Қайрат Үмбетовке жоғары дәрежелі "Халық қаһарманы" атағы берілді. №5517 әскери бөлімінің келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі,  аға сержант Асқар Нұрғалиев адам өмірін сақтап қалудағы ерлігі мен батырлығы үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" наградасына ие болды. Қазіргі заман қаһармандары кеңінен насихатталып, өскелең ұрпаққа үлгі болуы керек. Сондай-ақ әскери бөлім командирінің орынбасары майор Марс Дулатбаев пен лазарет маманы, қатардағы жауынгер Иса  Нұрғалиев адам өмірін сақтап қалуда төтенше жағдайларда көрсеткен батылдығы үшін Батыс өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының марапатына ие болған еді. Сіздер аға ұрпақтың ізін жалғай отырып, жауынгерлік ерліктің үлгісін көрсетесіздер. Әскери қызметшілер, сіздерді өз міндеттеріңізді мінсіз орындағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық тілеймін. Тәуелсіз Қазақстаннің игілігі жолында атқарған еңбектеріңізге табыс тілеймін,- деді облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.

3E01BE3B-F384-4035-A084-D60359259B27

Мереке күні Ұлттық ұлан қатарында қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау міндетін абыройлы атқарып жүрген бір топ әскери сала қызметкері облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды. Олардың қатарында №5517 әскери бөлімінің штаб бастығының аға көмекшісі Дәурен Рахимбеков, жасақтың бөлімше бастығы, капитан Руслан Есқалиев, капитан Лесбек Есенов, аға лейтенант Еламан Құсайыновтар бар.

E92D382B-CEE4-4F17-9808-7C06B56876B3

FCCFF34B-4861-45E7-9AA7-81D45BD46BBC

20933442-C86D-4C6A-B4C6-C8E8C853E98C

43E7A66A-2391-446F-8BC0-40B965406913

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz