15.04.2024, 16:17
Оқылды: 55

Бүлінген және жоғалған құжаттарды қалпына келтіру құны қанша?

Өңірлік комуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін немесе өткізетін, ғимараттардың сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу саласындағы мемлекеттік монополинге жатқызылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы қанша болатынын айтты.

JP Цон

Надир Шамұратұлы азаматтар өздеріне тиесілі жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда оны қалпына келтіруге қанша теңге төлейтінін де айтты.

Аумағы 1000 шаршы метрге дейін болатын жылжымайтын мүлік құжатының көшірмесін жасату үшін 4005,44 теңге, 10000 шаршы метрге дейін аумағы бар орын үшін 6610,62 теңге,
10000 шаршы метрден жоғары мүлік құжатын жасату үшін 9411,17 теңге төлеу керек.

Сонымен қатар үйінің ішін өзгертіп, құжатын реттеп үлгермеген жандар болатын болса, яғни кадстрлық паспортын өзгерткен жандар, алдын ала 3806,8 теңге төлеп, құжат дайын болған соң қалған соммасын өтейді.

Сондай-ақ спикер су тасқынына байланысты жылжымайтын мүлік құжаттарына өтініш беруге 144 тұрғын жүгінгенін, жылжымайтын мүлік желісі бойынша телнұсқаға өтініш бергендер саны 55-ке жеткенін айтты.

- Құжат жасатам деген азаматтарға ыңғайлы болу үшін

«Дом быта», «Московкский» сауда үйлері мен Сарайшық көшесі, 47 мекенжайындағы азаматтарды қабылдау орталығында өз-өзіне қызмет көрсету орталығын аштық. Жамбыл көшесі, 81 мекенжайындағы халыққа қызмет көрсету орталығы кешкі 20:00-ге дейін қызмет атқарады. Дариян, Переметный ауылдарынлағы ХҚКО-ры да қызмет көрсетеді, - деді Надир Құрымбаев.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале