30.03.2022, 12:00
Оқылды: 78

БҰҰ бітімгерлері Конгода тікұшақ апатынан қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасындағы БҰҰ бітімгершілік миссиясының сегіз қызметкері пәкістандық тікұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

IMG-20220330-WA0022

Конго Республикасының қарулы күштері тікұшақты көтерілісшілер елдің шығысында атып түсірді деп мәлімдеді. Солтүстік Киву провинциясының әскери губернаторының баспасөз хатшысы Сильвен Экенге тікұшақтың M23 тобы бақылауындағы аймаққа құлағанын айтты.

БҰҰ бітімгершілік миссиясы MONUSCO бітімгерлік күштердің Солтүстік Киву провинциясындағы Рутшурудан оңтүстік-шығысқа қарай Цаньцю үстінде барлау ұшағында болғанын хабарлады.

"Сегіз адам қаза тапты. Оның алтауы экипаж мүшесі, олар Пәкістаннан, сондай-ақ Ресей мен Сербиядан келген екі әскери қызметкер бар", - делінген хабарламада.

Ұйым қарулы топтар арасындағы қиян-кескі қақтығыстар салдарынан елдегі жағдайдың нашарлауы жалғасып жатқанын, бұл бейбіт тұрғындар санының артуына және адамдардың жаппай қоныс аударуына әкеліп соқтырғанын айтты.

Басылымның мәліметінше, жаңа қақтығыстар 6 мыңға жуық бейбіт тұрғынды Конго Демократиялық Республикасынан көршілес Угандаға қашуға мәжбүрлеген. Угандадағы Қызыл Крест өкілі Ирен Накашита босқындардың Бунаганедегі транзиттік лагерьде екенін және одан да көп адам келеді деп күтілгенін айтты. Угандада қазірдің өзінде Оңтүстік Судан мен Конго ДР-дан 1,5 миллионға жуық босқын бар екені көрсетілген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале