6.10.2026, 13:00
Оқылды: 0

Бухарест биігінде

Румыния астанасы – Бухарест қаласында тоғызқұмалақтан көру қабілеті және тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында өткен әлем кубогында Батыс Қазақстан облысының спортшысы Аманша Мейрамбек жоғары нәтиже көрсетті. Халықаралық додаға әр елден келген спортшылар қатысып, ұлттық зияткерлік ойын түрінен өзара мықтыны анықтады.

тогызкумалак

Сайыста Аманша Мейрамбек классика түрінен қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды иеленді. Осылайша, жерлесіміз әлем кубогының жеңімпазы болды. Ал рапид бәсекесінде үздік үштіктен көрініп, қола медальға қол жеткізді. Бұл жетістік – спортшының табандылығы мен шеберлігінің, сондай-ақ жаттықтырушы еңбегінің нәтижесі. Аманша Мейрамбектің халықаралық аренадағы жеңісі өңір спортының мерейін үстем етіп, тоғызқұмалақтың мүмкіндігі шектеулі жандар арасында да кеңінен дамып келе жатқанын  көрсетті.

Түгелбай Бисен,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале