19.06.2026, 17:30
Оқылды: 6

Цифрлық активтердің заңсыз айналымы

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті цифрлық активтер айналымы саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан БҚО тұрғынына қатысты тергеуді аяқтады.

istockphoto-2202196840-2048x2048

Сурет: istockphoto.com

Күдікті міндетті тіркеусіз және лицензиясыз қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен операциялардан табыс табу схемасын жүзеге асырған.
Ол өзінің заңсыз қызметі барысында «Imrat Group» қаржы пирамидасының салымшыларынан түскен ақшалай қаражатты криптовалютаға айырбастап, кейіннен ұйымдастырушылардың криптоәмияндарына жіберіп отырған.
Бұдан бөлек, ол басқа да жеке тұлғалардан ақшалай қаражат қабылдаған.
Оның іс-әрекетінің нәтижесінде цифрлық активтерді өткізу бойынша операциялардың сомасы 155 миллион теңгені құрады.
Істі тергеу барысында күдіктінің құны 57 миллион теңгені құрайтын үйлері мен автокөлігі түріндегі мүлкіне арест қойылды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале