13.11.2020, 17:06
Оқылды: 557

COVID-19: БҚО-да тәулігіне 1200-1600 адамның сынамасы зерттеуге жіберіледі

Бұл жайлы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде баяндады.

61

-Бүгінгі таңда облыс бойынша COVID-19-ға шалдыққан 7 382 адам тіркелген. Оның (6937) 94%-ы емделіп шыққан, 128 адам қайтыс болды.
Біз лаборатория көлемін ұлғайттық. Қазіргі таңда күніне 2750 сынамаға дейін зерттей алатын 8 лаборатория жұмыс жасайды.
Тәулігіне 1200-ден 1600-ға дейін сынама алу жұмыстары жүргізіледі. Облыста 33,2% жұқпалы аурулар кереуетін қамтитын 7 жұқпалы ауру стационары бар.
2028 (1253 жұқпалы, 775 карантиндік) қосымша кереует дайын. 200 кереуеттік модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Бүгінде жұмыстардың 95%-ы орындалды.
Облыс бойынша медициналық ұйымдар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бүгінде медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі жоқ.
Жедел жәрдем бригадасы 83 автокөлік құралдарымен қамтылса, емханаларда 123 мобильді бригада құрылды. Қосымша 37 бірлік санитарлық автокөлік және аудандарға 9 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды.
Дәріханалар жүйесі мен облыстағы медициналық ұйымдарда қосымша екі айға есептелінген дәрі-дәрмектер жеткілікті. 25 түрлі дәрі-дәрмектің тұрақты қоры жасақталды, - дейді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале