27.05.2024, 15:00
Оқылды: 42

Дәйекті жауап берілуі керек

 

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы сот, құқық қорғау, уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жетілдіріп, комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру шараларын жалғастырып жатыр.

b83356c9-abdd-4194-aaff-c3bfe62d4137

Кезекті семинар «ҚР-дағы әкімшілік рәсімдік - процестік кодекс аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың жаңа тәртібі» тақырыбына арналып, оған zoom арқылы аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, төрағалардың орынбасарлары мен хатшылары қатысты.

Дөңгелек үстел форматындағы кеңесті ашқан БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы 0ad31815-76c3-4152-8504-42fd205225ef өңірлік сайлау жүйесінің атына түсетін өтініштерді қараудың әкімшілік рәсімдері бірізді болғанымен дәйекті әрі жедел жауап беру күн тәртібінен түспейтінін айтып өтті.

Аталған мәселе жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары, мүдделерін қорғауда маңызды фактор болып қала бермек. БҚО Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Алтынай Дәулетова, судья Ерлан Усманов, БҚО әкімі аппараты бірыңғай заң қызметінің бас инспекторы Гүлдана Ғабдуллиналар тиісті заң талаптарының практикада қолданылуын, өтініштерді қарау тәртібін тілге тиек етті.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Мағрипа Нигишева және Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейірбек Хасановтар ресми құжат айналымы мен «Е-Өтініш» жүйесіндегі нақты жұмысқа талдау жасап, «ҚР әкімшілік-рәсімдік процестік кодексі және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңы талаптарының ерекшеліктерін сөз етті.

Отырыста пікірлерді мұқият зерттеу қажеттілігі де қозғалды. Өтініштерді қарап, тіркеу, есепке алу, жауап беруде заң талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында аудандық және қалалық сайлау комиссиялары басшыларына тапсырмалар берілді.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале