2.09.2021, 17:13
Оқылды: 1

Дамудың 2025 жылға дейінгі жол картасы қабылданады

Жолдауда елдің әлеуметтік жағдайын дамытуға бағытталған мақсаттар айқын көрсетілді. Пандемиядан кейінгі мемлекеттің экономикалық даму мәселелеріне баса назар аударылды. Дамудың 2025 жылға дейінгі жол картасы қабылданады.

 111111111

Мемлекет басшысы «Өндіруші тауар бағаларын бірыңғай бақылауды қамтамасыз ету қажет. Бұл істі ретке келтіретін уақыт жетті», – деп азық-түлік құнын тұрақтандыру керек екенін тілге тиек етті. БҚО-да мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы интернет арқылы көрсетіледі. Біздің аймақ цифрландыру бойынша көшбасшылар қатарында.  «Бұл ретте отандық ІТ-секторды тәрбиелеу мен нығайту маңызды. Елге жас және білімді кадрлар қажет. Ұлттық цифрландыру жобасы аясында кем дегенде 100 мың ІТ мамандарын дайындау қажет. Цифрлық индустрияның қызметтері мен тауарларының экспорты 2025 жылға қарай кемінде 500 миллион долларға жетуі тиіс», - дейді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мен цифрландырудың қолданысқа кеңінен енгізілуін толық қолдаймын. Елді тығырықтан шығаратын, сыннан, қиындықтан құтқаратын жол – ауызбіршілік. Мақсатымызға жетіп, қалаған биігімізден көріну үшін жұдырықтай жұмылуымыз қажет.

 

Әлия Салиева,

«Ақжол» шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау ассоциациясы»

ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы,

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі,

облыстық мәслихат депутаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале