6.09.2021, 14:49
Оқылды: 0

Дамушы елдің басты құндылығы – еңбек етуші топ

Зайырлы мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толуы қарсаңында Президентіміздің Қазақстан халқына жасаған Жолдауымен таныса отырып, еңбек етуші әрбір азаматқа тікелей әсер ететін тармақтары дер кезінде қолға алынған мәселелер деп қабылдадық.

Бауыржан Аяпбергенович11

Кәсіподақ ұйымдары әрқашан кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғай отырып, олардың көкейкесті мәселелерін алға тартып отырады. Оның ішінде әртүрлі деңгейдегі басқосуларда кіші қызметкерлер, күзетшілер мен жүргізушілердің төменгі жалақылары туралы мәселе Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерация тарапынан көтеріліп келді.

Бүгінде мемлекет басшысының жолдауында көп сұрақтың шешімі әрі түйіні болды. 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Бұл шара бір миллионнан астам адамға тікелей, ал бүкіл еңбеккерлерге жанама әсер етеді. Ең төменгі жалақы мөлшерін көбейту ішкі тұтынуды өсіріп, экономикаға оң әсер етеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл Ішкі жалпы өнімді 1,5 пайызға арттырады. Бұл жағдай елдің әлеуметтік-экономикалық деңгейінің өсуіне, жұмысшылардың еңбекке ынтасының жоғарылауына оң әсер етеді деп сенеміз. Себебі бұл мемлекетіміздің ең маңызды факторы адамға қажетті өзгерістер жолындағы алғашқы қадамдардың бірі деп білеміз.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қазіргі таңда дамудың шешуші кезеңіне қадам басқанымызды атап көрсетті. Ал дамушы елдің басты құндылығы – еңбек етуші топ.

 

Бауыржан Атауов,

«Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы»

АКБ төрағасының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале