4.05.2022, 16:30
Оқылды: 126

Дания коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды тоқтатты

Дания үкіметі 15 мамырдан бастап коронавирусқа қарсы вакцинацияны тоқтату туралы шешім қабылдады.

32

Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлімдемеде басқа мәселелерді шешуге назар аудару керектігі және күзде иммундауды қалпына келтіру қажеттігі айтылған.

Инфекция жұқтыру және ауруханаға жатқызу фактілерінің саны азайып, ұжымдық иммунитеттің жоғары деңгейі туралы сенімді түрде айтуға болатындығы атап өтілді.

Дания вакцинациядан уақытша бас тартқан және шектеулер кешенін алып тастаған алғашқы ел. Тұрғындар саны 5,8 млн адам болса, тұрғындардың 82% екпе алды. Атап өтілгендей, вакциналау науқаны күзде қайта басталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале