5.11.2023, 8:09
Оқылды: 46

Дәрігерлер отбасы дауыс берді

Орда халқы ерлі-зайыпты Серік пен Нәсіп Нұркеновтерді жақсы біледі. Ерекше құрметтейді. Бөкей ордасы ауданындағы денсаулық сақтау саласында 45 жыл еңбек еткен олар осы күні зейнеткерлер.

WhatsApp Image 2023-11-05 at 08.18.06

Серік аға ел ықыласына бөленген беделді хирург болса, Нәсіп апа эндокринолог. Биыл отасқандарына - 45 жыл. Жастай елге келіп, табан суытпастан еңбек еткен дәрігер Нұркеновтердің ауыл, аудан үшін еткен еңбегін білетін алдын кесіп өтпейді. Ерлан, Ғалымжан атты қос ұлы ел  дамуына өзінше үлес қосып жүр. Құдай берген немелері де ата-әжесін қуантудан шаршаған емес. Алды 11-сыныпта оқиды.

- Зейнетте болсақ та  жұбайым екеуміз туған жеріміз Бөкей ордасы ауданының игілігі үшін еңбек етіп, қоғамдық жұмысқа үнемі араласуға тырысамыз. Тәуелсіздік жылдарында елімізде көптеген жақсы өзгеріс болды. Медицина, денсаулық сақтау саласы дамыды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің саяси өмірінде көптеген оң өзгеріс енгізіліп жатыр. Жерлестерімнің белсенді азаматтық позициясын көрсетіп, дауыстарын беретініне сенімдімін, – деді С.Нұркенов.

WhatsApp Image 2023-11-05 at 08.18.03

Қос дәрігер сайлауға бала-келіні және немелерімен бірге келді. Баланы бастан үйретіп, олардың бойына демократиялық қоғамның басты қағидасы саналатын сайлаудың маңыздылығын сіңіргісі келетін Серік аға мен Нәсіп апа «Жаңа Қазақстан» жаңа әкіммен бірге келетініне сенімді.

WhatsApp Image 2023-11-05 at 08.21.22

- Осы жерде туып, осы жерде өстік. Зейнетке де осы жерден шықтық. Осы жылдар ішінде облыс орталығына барар кезде жол азабын тартатын едік. Соңғы үш жылда елге қарай жол түсіп жатыр. Ол да бір жақсылықтың нышаны. Біз көрген, біздің балаларымыз көрген жол азабын немелеріміз көрмейтіні қуантады, - дейді Нәсіп Нұркенова.

 

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале