1.11.2021, 11:36
Оқылды: 100

«Дені саудың – рухы биік»

Кеше Орал қаласында П.Атоян атындағы стадионда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «AQJAIYQ MARATHON – 2021» күзгі жартылай марафоны өтті. Іс-шараға өңір басшысы Ғали Есқалиев, облыс әкімінің орынбасарлары Бақытжан Нарымбетов, Аманжол Алпысбаев және Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 14.39.26

 

– Бұл іс-шара бұқаралық спортты дамыту, облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Жеке кәсіпкерлеріміз де осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарға қолдау көрсетуде. Олар облыс орталығында ғана емес, аудандарда, ауылдық округтерде спорт кешендерін салып, халықтың спортпен айналысуына мүмкіндік туғызуда. Дені саудың – рухы биік. Марафонға онлайн түрде қатысқалы отырған 200-ден астам басқа өңір спортшыларына да сәттілік тілеймін, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

 

Марафон қатысушылары 3, 10.5, 21.1 шақырым қашықтықта бақ сынады. Іс-шараға жалпы саны 600-ден астам спортшы қатысты.

21.1 шақырым бойынша ерлер арасында Баубек Ілиясов бірінші, Ерген Мұқанов екінші, Сергей Прохоров үшінші орынды иеленді. Әйелдер арасында мәре сызығын Ольга Кузнецова бірінші, Лидия Петренко екінші, Ақкенже Таубаева үшінші кесті.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 14.39.27

10.5 шақырымды ерлер арасында Оралбек Құттығалиев 38:22, Қолғанат Ғайнуллин 39:27, Рафхат Асылмұратов 39:49, әйелдер арасында Наталья Панова 49:08, Айман Сәрсенғалиева 49:20, Аяна Баймұқашева 50:18 минутта жүгіріп өтті.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 14.39.28

3 шақырым бойынша ерлер арасында Жарас Айтуаров бірінші орынды иеленсе, Ербол Дәулетовке екінші орын бұйырды. Үшінші орынды Бейбарыс Ізғали місе тұтты. Әйелдер арасында Виктория Глотова үздік деп танылса, Анна Юн және Мадина Жақсылықова екінші, үшінші орындарға қол жеткізді.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 14.39.29 (1)

– Бұл іс-шара облыс және қала әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылды. «Uralsk Runners» қоғамдық ұйымы да марафонның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Барлық қатысушыларға «AQJAIYQ MARATHON» жазуы бар футболка және медаль табысталса, қашықтықтар бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, медальдар мен дипломдар берілді.  – деді облыстық спорт басқармасы бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Мұқанов.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 14.39.33

WhatsApp Image 2021-11-01 at 14.39.32

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале