Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының (ҰТЕО) базасында еліміздің 20 өңірін қамтитын босандыру ұйымдарының мультидисциплиналық командалары мамандарының білімі мен дағдыларын бағалау бағдарламасы басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: ҚР ДСМ
Тестілеу мен тренингтердің негізгі мақсаты аналар мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету саласындағы мамандардың негізгі дағдыларын дамыту және кәсіби құзыреттерін жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның шеңберінде жоғары білікті сарапшылар мен бейінді медициналық қауымдастықтардың өкілдерінен тұратын жаттықтырушылар тобы құрылды.
Заманауи әдістер мен халықаралық стандарттарға негізделген бұл тәсіл пациенттердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға және перинаталдық медицинада үздік практикаларды енгізуге ықпал етеді.
Соңғы 10 жылдың ішінде алғаш рет 2024 жылы ана мен бала денсаулығын сақтау саласында нәресте өлімін 6,7%-ға, ана өлімін 11,4%-ға төмендету бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Босандыру қызметінің барлық мамандарының кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында өткен жылы әйелдерді 367 мың қауіпсіз босандыру жүргізілді.
Алайда, қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, қызмет мамандарының біліктілігін арттырудың есебінен ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда.