20.08.2026, 13:00
Оқылды: 0

Денсаулық сақтау министрлігі: профилактикалық тексеру нәтижесінде 2,3 млн баланың 11% - ынан аурулар анықталды

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,3 млн бала профилактикалық медициналық тексеруден өтті. Тексеру нәтижесінде 242 мың балада (11%) түрлі аурулар анықталды. Олардың ішінде ең көп таралғандары – тісжегісі, анемия және миопия. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

365b512e8a810d8f3c4d6d51fb563498_1280x720

86,7 мың бала одан әрі ем алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаларда динамикалық бақылауға алынды.

Соңғы үш жылдың ішінде мектептердегі медициналық пункттердің медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу және кадрлармен жасақталу деңгейі 95%-ға дейін өсті.

Стоматологиялық аурулардың профилактикасына ерекше көңіл бөлінуде. «Болашаққа сау тіспен» жол картасы шеңберінде 2025 жылдан бастап білім беру ұйымдарындағы стоматологиялық кабинеттердің саны 145-тен 288-ге дейін ұлғайтылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале