15.06.2022, 18:00
Оқылды: 88

Депутат медициналық сақтандыруға қаражаттың аз бөлінетінін сынға алды

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова медициналық қызметке қаражаттың жеткіліксіз бөлінетінін айтып, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220615165000292e

«2022 жылға медициналық көмек көрсетуге бөлінген қаржы ресурстарының жеткіліксіз көлеміне байланысты, медициналық ұйымдарды жеткіліксіз қаржыландыруға қатысты күрделі жағдай орын алды. Ал бұл қазірдің өзінде, оның сапасын айтпағанда, халықты медициналық қызметпен қамтуда байқалуда. Медициналық қызметкерлер екі оттың арасына түскендей болды, бір жағынан сақтандырылған азаматтар заңды түрде көмек көрсетуді талап етеді, ал екінші жағынан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржыландыру жоспарынан аспауды талап етеді. Сонымен қатар, ӘМСҚ белгіленген жоспардан тыс түскен ақшаны артығымен орындау ретінде алып, ұйымдардың онсыз да жеткіліксіз бюджетін орындалмаған сомаға қысқартады», - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

 

Өз сауалында депутат КТ, МРТ, УДЗ, зертханалық талдаулар, бейінді мамандардың консультациясы сияқты маңызды тексерулер кіретін барлық ДЕАК ішінен тек стоматологиялық қызметтер ғана БМСК дәрігерінің жолдамасынсыз, өз бетінше жүгіну арқылы жүргізілетінін, бұл отбасылық дәрігер қағидатын бұзатынын айтты.

 

«Айдың соңында емханаларға стоматологиялық қызметтер үшін миллиондаған шоттар келеді және қор стоматологиялық клиникалардың барлық шоттарын бірінші кезекте жабуға және ұйымдарға көрсетілген қызметтердің сенімділігі мен дұрыстығын өздері тексеруіне міндеттейді. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлердің еңбекақысының орта есеппен 30%-ға өсуіне байланысты базалық тариф тек 9,8%-ға, КТС 12%-ға ұлғайды, бұл дәрілік заттарды сатып алу жөніндегі кәсіпорындардың, МӨ, коммуналдық қызметтердің шығыстарын және жалақыға арналған шығыстарын да толық өтемейді. Мысалы, IV санаттағы жедел жәрдем тарифтері төмен: бір тұрғынға 39-44,8 теңге, бұл іс жүзінде шығыстарды тек 30%-ға жабады. Иық буының рентгенографиясының тарифы 880 теңге, хируртың кеңесі 2068 тенге, т.б. Медициналық қызметтердің барлық басқа тарифтерінде де осындай жағдай байқалуда», - деді Г. Нұрымова.

Бұл проблемалар Павлодар, Жамбыл облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында және еліміздің барлық өңірлерінде бар.

Сонымен қатар, 2021 жылғы мемлекеттік аудитке сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі - 7,4 млрд теңгені және МӘМС қоры - 2,3 млрд теңгені игермеген. Медициналық қызметтер тарифтерін көтеруге қаражаттың толық бөлінбеуі және осының салдарынан қаржыландырудың жетпеуі кредиторлық берешектің пайда болуына, халыққа медициналық қызмет көрсету қолжетімділігінің төмендеуіне, шағымдардың туындауына және жалпы әлеуметтік шиеленістің өсуіне алып келеді.

«Осы ретте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарифтерді нақты шығыстарға сай келтірсін және жаңа қаржы жылына дейін тарифтерді бекітсін. Ал Міндетті медициналық сақтандыру қорына тоқсан аралығында медициналық ұйым ішінде қаражатты қайта бөлу тетігіне рұқсат етілсін. МӘМС жүйесінде айлық жоспарға байланыстыру болмауы тиіс, төлем халықтың қажеттілігіне сәйкес медициналық қызметтердің нақты орындалған көлемі бойынша жүргізілуі тиіс. Балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық қызметтер қатаң түрде БМСК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша жүргізілсін және ары қарай қызметтерді жеткізушілермен тікелей шарт жасалсын. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қор мен медициналық қызметтер сапасы комитетінің орындау және айыппұл салу сапасын бақылау өкілеттіктерін нақты бөлу қажет. ӘМСҚ қаржыны өзі бөліп, сапасын өзі тексере алмайды және айыппұл санкцияларын сала алмайды», - дейді депутат.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале