10.11.2021, 18:02
Оқылды: 126

Депутат зейнетақы саласындағы алаяқтық жағдайлар туралы мәлімдеді

Соңғы кездері әлеуметтік қамтамасыз ету саласында алаяқтық схемалар белең ала бастады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева мәлім етті.

B8FF613B-DD7D-48A3-A390-C58B797D2350

«Жыл сайын зейнетақы төлеу бөлігінде мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға мемлекеттік бюджеттен 2 трлн теңгеге тарта қаражат бөлінеді. Алайда соңғы кездері әлеуметтік қамтамтасыз ету саласында алаяқтық схемалар белең ала бастады», - деді Е. Смышляева Еңбек министрінің атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, Қазақстанның аумағынан тыс жерде өмір сүріп, басқа мемлекеттің қамқорлығындағы азаматтар заңсыз түрде еліміздің мемлекеттік қолдауына ие болып отыр. Яғни зейнетақыны қосарланған түрде алып жүргендер байқалып отыр.

Осындай азаматтарға қатысты талап-арыздар саны мен көлемі күн сайын артып келеді. Бұл ретте өндіріп алудың орташа сомасы 6 млн теңгеге дейін жетіп жатыр. Неге осындайға жол берілді? Қазақстандағы зейнетақы туралы заңнамаға сәйкес, елімізде тұрақты өмір сүріп жатқан азаматтар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зайнетақы алуға құқылы. Осы тектес норма ТМД-ға қатысушы елдердің азаматтар құқықтарының кепілдігі туралы келісіммен қамтылған мемлекеттердің заңнамасында да бар.

Сонымен қатар, бұл құжатпен төлемді тоқтату тәртібі де реттеледі. Келісімнің 7 бабына сәйкес, шартқа қатысушы мемлекеттердің аумағында зейнеткер қоныс аударған кезде, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлеу тоқтатылады. Бұл ретте осы тектес зейнетақы түрі жаңа тұрғылықты жеріндегі елдің заңнамасында қарастырылуы керек.

«Дегенмен, олай болмай тұр. Басқа мемлекетте өмір сүріп, сол елдің азаматтығын алғанымен, бұл адамдар Қазақстанда зейнетақы төлемдерін ұзақ бойы алып отыруды жалғастырып келеді. Сонымен бірге, осы азаматтар жаңа тұрғылықты жерінде де зейнетақыны рәсімдеп алады», - деді депутат.

Оның сөзіне қарағанда, қоныс аударғандар көбіне өкілетті органдар мен банктерді ескертпейді. Сәйкесінше, азаматтығын ауыстырғаны жайында және зейнетақы төлемін тоқтату туралы хабардар етпейді.

Аталған келісім 1992 жылы қабылданғанына тоқталған ол, қазіргі кезде цифрландыру мен автоматтандыру жағдайында кемшіліктерді түзету мүмкін екенін атап өтті.

«Аталған проблема шұғыл шешімді қажет етеді. Жоғарыда аталғанды ескере отырып, Еңбек министрлігі өкілетті орган ретінде зейнетақаны тағайындау мен төлеу бойынша мемлекеттік қызметке талдау жүрігізіп, реттеудегі кемшіліктер туралы тыңғылықты ақпарат ұсынуы керек деп санаймын. Көші-қон қызметімен бірлесе зейнетақы алушының елден кетуі фактісін тіркеу мәселелерінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдерін іске асыруды әзірлеп, қамтамасыз еткен жөн. Технологиялардың дамуын ескеріп, Сыртқы істер министрлігімен бірлесе халықаралық келісімнің нормаларын қайта қарауға бастамашылық еткен дұрыс», - деді депутат.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале