19.08.2021, 18:31
Оқылды: 197

Депутаттармен кездесті

Бүгін облыстық мәслихаттың мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мәлік Құлшар мен Снежанна Имашева облыстық денсаулық сақтау басқармасының, емханалардың басшы-қосшыларымен кездесті.

2

Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова халық қалаулыларына аталмыш басқармада коронавирусқа қарсы алынып жатқан шаралар туралы баян етті.

3

Ол облыс тұрғындарының биыл сәуір айынан бастап екпе алып жатқандығын, соңғы кезде коронавируспен ауырғандар саны азайғандығын айтып, екпе алуға қатысты тұрғындарға оның пайдасы зор екендігіне көзін жеткізу үшін облыстағы беделді адамдарды түсіндіру жұмыстарына тарту қажеттілігіне тоқталды.

0000

Кездесу барысында облыс орталығындағы емхана басшылары коронавирусқа және ауруханаларға байланысты қордаланған мәселелерді депутаттардың назарына салды. Депутаттар өз кезегінде бұл жайттарды қаперіне алатындықтарын айтты.

                                                                          

Нұрым Нұрманов,

zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген Эльвира Меңдіғали

 

Толығырақ облыстық «Орал өңірі»

 газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале