Окрошканы әркім әртүрлі дайындайды: біреуге кваспен жасалғаны ұнаса, енді бірі тан немесе айран қосылған түрін қалайды. Ал артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін қайсысы пайдалы? Бұл сұраққа диетолог Инна Пичугина жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Сурет: istockphoto.com
Окрошка - жазда, әсіресе аптап ыстықта сүйсініп ішетін жеңіл тағамдардың бірі. Диетолог Инна Пичугинаның айтуынша, жаз мезгілінде окрошка ағзадағы су балансын толықтыруға көмектесіп қана қоймай, дәрумен, минерал мен жасұнықтың қосымша көзі бола алады.
Арықтауға арналған окрошка рецепті
Артық салмақтан арылғысы келетіндерге Пичугина окрошканы майлылығы төмен айранмен немесе минералды сумен дайындауды ұсынады. Қаласаңыз, айранды минералды сумен аздап сұйылтып қолдануға болады.
Сондай-ақ бір порцияға қосылатын өнім мөлшерін бақылау маңызды. Диетолог арықтағысы келетіндерге арналған окрошканың тиімді құрамын атады:
Орта есеппен мұндай порцияның салмағы 300–400 грамм болып, құрамында шамамен 380–420 килокалория болады.
Дегенмен окрошка диетасына тым әуес болмаған жөн. Асқазан-ішек жолы ауыратын, өтінде тас бар немесе ойық жарасы бар адамдарға бұл тағамды шектеу, тіпті кей жағдайда мүлде бас тарту ұсынылады. Ал қант диабеті бар адамдарға тәтті кваспен дайындалған окрошка жеуге болмайды.