22.09.2021, 11:23
Оқылды: 97

«Дүйсенбілік футбол»

 «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен, облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Kenes Ortalygy» жобасы аясында «Дүйсенбілік футбол» турнирін өткізді. Турнирге базар және зауыт жұмысшы жастарынан құрылған 14 команда тіркелді. Әуелі күні команда капитандары жеребе таңдап, жарыс ережелерімен танысты.

5932D508-4C35-4097-925A-05EC58974658

Таяуда «Дүйсенбілік футбол» турнирінің ашылу салтанаты өтті. «Бостандық» пен  «Тұлпар такси»,«Хлебзавод» пен «Geona», «Мерей» мен «Жұбан жастары» командалары өзара жарысты. Турнир жастар арасында қызықты әрі тартысты өтті.

803568C6-081D-414C-9378-8E65BCDB5A6F

Жеңімпаздар арнайы ақшалай сертификаттармен және дипломдармен марапатталды.

Жүлде қорына келсек, 1-орынға – 300000 теңге, 2-орынға – 200000 теңге, 3-орынға – 100000 теңге тігілген болатын.

CC9EDF36-6774-43AA-B2E1-5D2923DF312E

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале