Басты жаңалықтар
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
6 Желтоқсан 2023
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кеткен. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше кешкі сағат…
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
6 Желтоқсан 2023
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірімізге танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевтың қазасына орай марқұмның отбасына көңіл айту хатын жолдады. «Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ы.Есқалиевтің отбасы…
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
6 Желтоқсан 2023
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов ауылдастарымен есептік кездесу өткізді. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты. «Жымпитыдан Қособаға ауыз су келеді деген?…
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
5 Желтоқсан 2023
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
Биыл Қазақстан футболына 110 жыл толды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен БҚО футбол қауымдастығы жыл бойы футзалдан әуесқой командалар арасында қалалық ашық…
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
5 Желтоқсан 2023
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығы жыл бойы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқан волонтерларға алғысхаттар табыстады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар…
Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»
5 Желтоқсан 2023

Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

«Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тараған»

«Атамекен» өнер орталығында Республика күні мерекесі мен БҚИТУ-дың 25-жылдығына арналған шаралар аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен зороастризм ілімінің 2600 жылдығына арналған «Заратуштра ілімі және Орталық Азия: рухани-мәдени және тарихи сабақтастық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысы өтті.

0H1A9428.JPG
– Еліміздің білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда нәтижелі еңбек етіп келе жатқан, 25 жылдық тарихы бар, білім ордасы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті ұйымдастырып отырған Зороастризм ілімінің 2600 жылдығына арналған «Заратуштра ілімі және Орталық Азия: рухани-мәдени және тарихи сабақтастық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына сәттілік тілеймін.

Конференцияның мақсаты – Зороастризм ілімінің Орталық Азия елдері руханиятындағы мұрасының теориялық, практикалық және әдіснамалық мәселелерін зерделеу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде «Біз сан ғасырлық тарихымызды мақтан етеміз. Тамыры терең төл шежіреміз – халқымыздың мәдени кодының өзегі. Оны жан-жақты зерттеп, ой елегінен өткізуге және барынша дәріптеуге қажетті жағдай жасауымыз керек. Бұл – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі» деген еді. Біздің ойымызша, бүгінгі конференцияда мәдени кодымыздың өзегі рухани ұстындар заратуштра ілімі, тәңіршілдік, қазақы мұсылманшылдық, далалық өркениет, қазіргі тарихнамалық мәселелер ғылыми талқыға түседі. Конференция жұмысы сәтті болсын ағайындар, Ғылымдарың көбейсін, - деді пленарлық отырыста сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

0H1A9425.JPG-1
Одан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы ақпараттық орталығының басшысы Самек Властимил бейнеқұттықтауын жолдады. Басқосу тізгінін тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Тұяқбай Рысбеков қолына алды. Конференцияда Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Ассоциациясының Президенті, экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов «Казахстан – Родина зороастризма» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы туралы тілге тиек етті.

0H1A9464.JPG

Доктор «Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тарағанын» айтты. Басқа да ғалымдар ежелгі діннің түркілік танымға ұштасатыны жайында ой бөлісті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Серік Сейдуманов «Генезис зороастризма и его связь с древней историей и культурой тюркских народов», Философия орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмұратов «Заратуштра ілімінің рухани құндылықтар жүйесі: тарихи сабақтастық», Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Гаухар Барлыбаева «Тенгрианство как феномен древнетюркской культуры», аталған институттың жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Қоянбаева «Историко-сравнительный анализ канонов зороастризма и тенгрианства», жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Омарова «Аңызбен жеткен әділеттілік» тақырыбында баяндама жасады.

0H1A9314.JPG
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр «Көне түркі мәдениеті мен қазақ мәдениетінің тілдік, рухани, діни сабақтастығы», PhD доктор Мұрат Қалменов «Қазақстанның батысындағы зороастризм элементтері (археологиялық деректер бойынша)», тарих ғылымдарының кандидаты Жаскайрат Ерназаров «Қазақтардың отбасылық салт-дәстүріндегі исламға дейінгі діни наным-сенімдер» тақырыбы аясында қызғылықты деректер ұсынды.

0H1A9365.JPG

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің конференц-залында секциялық отырыстар жалғасты. Зертету жұмыстары туралы «Орал өңірі» газетінің сейсенбілік санында кеңінен баяндалады.

0H1A9283.JPG

0H1A9281.JPG

0H1A9273.JPG

0H1A9265.JPG

0H1A9249.JPG

0H1A9285.JPG

0H1A9265.JPG

0H1A9277.JPG

0H1A9289.JPG

0H1A9223.JPG

0H1A9273.JPG

0H1A9200.JPG

0H1A9193.JPG

0H1A9214.JPG

0H1A9226.JPG

0H1A9471.JPG

Нұртай Алтайұлы,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале