25.09.2023, 14:30
Оқылды: 77

Екі дүркін әлем чемпионы атанды

Жуырда  Мексиканың Веракрус қаласында паратаеквондодан әлем чемпионаты өтті. Төрткүл дүниенің мықты спортшылары бас қосқан додада ел намысын батысқазақстандық спортшы Мәлік Мұқашев қорғады.

da0af81f-9f05-49a5-b809-89a7b2834554

 К-41 санатында  80 келі салмақ дәредесінде өнер көрсеткен ол қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атағына қол жеткізді.  Бұған дейін 2021 жылы Түркияның Стамбул қаласында өткен әлемдік додада алтын жүлде иеленген мәлік бауырымыз екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Мәлік Тілеуұлы 1986 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Теректі ауданы Подстепный ауылында орта мектепте білім алған. 1998 жылы Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласына қоныс аударған. 2000 жылы тоқ соғып, қатты күйік алып, екі қолынан айырылған. Ақсайдағы №3 орта мектепті, одан соң 2006 жылы Орал қаласындағы қаржы-экономикалық колледжін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген. Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде жоғары білім алып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі атанды.

2014 жылдан бері пара таеквондомен айналысып келеді. Осы кезге дейін паратаеквандодан Еуропа ашық чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

2016-2018 жылдары Азия чемпионатының үш дүркін жүлдегері атанды.

2019 жылы Еуропа чемпионы атағына қол жеткізді. 2021 Ливан астанасы Бейрут қаласында өткен VI Азия чемпионатында, 2022 жылы Вьетнам елінің Хошимин қаласында өткен VII Азия чемпионатында үздік шықты.

БҚО мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубының спортшысы. Мәлік Мұқашев тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында паратаеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале