Басты жаңалықтар
Оралда бірнеше көппәтерлі үй жылусыз қалды
1 Желтоқсан 2023
Оралда бірнеше көппәтерлі үй жылусыз қалды
Оралда демалыс күндері жәрмеңке өтеді
1 Желтоқсан 2023
Оралда демалыс күндері жәрмеңке өтеді
Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 9.00-ден 13:00-ге дейін өтеді. 2 желтоқсан М.Ықсанов көшесінде, 3 желтоқсан Зашаған кентіндегі Жәңгір хан көшесі,…
Оралда құны 967 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қорап темекі партиясы жойылды
1 Желтоқсан 2023
Оралда құны 967 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қорап темекі партиясы жойылды
Қаржы мониторингі агенттігінің БҚО-дағы департаменті Оралда сәйкестендіру құралдарынсыз құны 967 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қорап темекі партиясын жойды. Агенттіктің хабарлауынша, бұған дейін департамент сотқа…
Жылыту маусымы: БҚО-да төтеншеліктер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
1 Желтоқсан 2023
Жылыту маусымы: БҚО-да төтеншеліктер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
БҚО-да жыл басталғалы бері 522 өрт оқиғасы тіркелді. Оқыс оқиғалардың салдарынан 10 адам қаза тауып, тоғыз адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Бұл туралы өрт қауіпсіздігін…
Қазақстанда 96 жаңа мектеп ашылған
1 Желтоқсан 2023
Қазақстанда 96 жаңа мектеп ашылған
ҚР оқу-ағарту министрлігіні баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде өңірлерде 88 мың оқушыға арналған 96 жаңа мектеп ашылған.  Фото: zhaikpress.kz Жалпы жылдың аяғына дейін түрлі қаржы көздері…
Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

Ақсайда әскерге шақырту пункті ашылды
23 Қараша 2023

Ақсайда әскерге шақырту пункті ашылды

28.10.2020, 10:45
Оқылды: 73

Экология: 50 ірі кәсіпорынды озық технологияларға ауыстыру көзделуде

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәжілісмендер алдында Экологиялық кодексінің жобасын қорғады.

F6EC778F-BD17-46F7-88A1-9A9AF4CDF550

««Ластаушы төлейді» қағидатының негізіне ластануды болдырмау мен бақылау бойынша шаралар жатады. Сонымен қатар қоршаған ортаға тиген залалды қалпына келтіруге қатысты жауапкершілік қарастырылған. Осылайша мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлеудің орнына қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі барлық шараларды қабылдау тиімдірек болатындай жағдай жасауы тиіс. Бұдан басқа экологиялық залал орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндетті», - деді Мағзұм Мырзағалиев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, ең озық қолжетімді технологияларды енгізу шартымен бірінші санаттағы нысандар үшін кешенді экологиялық рұқсаттарға көшуі тиіс. Сондай-ақ жаңадан іске қосылатын кәсіпорындар үшін кешенді экологиялық рұқсаттар алу міндеттілігі қарастырылды.

«Ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің арқасында еліміздегі экологиялых ахуал жақсарады. Бірінші кезеңде мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларына қатысты 50 ірі кәсіпорынды ең озық қолжетімді технологияларға ауыстыру жоспарланған. Айта кетерлігі, осы 50 кәсіпорынға жалпы ластанудың сексен 80 пайызы тиесілі. Кодекстің жобасында бірінші санаттағы ірі кәсіпорындарға қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ОВОС) жүргізу туралы талап қарастырылды. Олардың тізбесі қайта қаралып, негізінен экологиялық қауіпті нысандарға баса назар аударылатын болады», - деді ол.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале