18.05.2021, 10:50
Оқылды: 237

Экология министрі Батыс Қазақстандағы су каналдарының жұмысын тексерді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Варфоломей су қоймасының жағдайымен танысты. Өңірдегі сушылар ведомство басшысына егістіктерге судың жетіспеушілігі мәселесі мен су қоймаларының ахуалы туралы баяндады.

F180ECE2-E925-44DF-9687-0B83F30D54F8

Орал қаласынан - 440, Казталов ауданының орталығынан 70 шақырым қашықтықта, «Кіші өзен» өзенінде орналасқан қойма мемлекетаралық мәндегі су торабы болып есептеледі. Қойма Кіші өзен суын Ресейдің Саратов облысы мен Қазақстанның Батыс Қазақстан облысына бөлуге, екі облыстың лимандарына су өзіндік ағынмен берілуі үшін су тірегін құруға арналған.  

Ал Үлкен өзен бойынша Ресей Федерациясынан тәуелділікті азайту бойынша қазір жаңа су қоймасын салу жоспарлануда. Ол Үлкен өзенде, Қазталов ауданының Жалпақтал ауылында орналасады. Сонымен қатар өңірдің оңтүстік аудандарына Үлкен және Кіші өзендері бойынша тұрақты су жетіп тұруы үшін Еділ өзенінен 135 млн. текше метр су алу мәселесі қарастырылуда. Бұл мақсат үшін республикалық бюджетттен 3,5 млрд. теңге бөлу керек.

DCB3082A-7A0A-4D6F-A76B-C7194A790DCC

Ресейдің Еділ өзенінен Варфоломей қоймасы арқылы облыстың Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарындағы 1637 гектар тұрақты суармалы егістікке, 44018 гектар лимандық (сағалық) суару алқабына, 324700 гектар су басқан жайылымдарға су жіберіледі. Бұдан бөлек, БҚО-ның оңтүстік аудандарындағы экологиялық ахуалды реттеп отыру үшін Айдын, Сарыайдын, Қамбақты және Қамыс-Самар көл айдындарына су жіберіліп отырады. Су қоймасының сыйымдылығы - 23 млн. текше метр.

 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале