3.06.2021, 19:01
Оқылды: 249

Екпе салдырғандар қатары 70 мыңға жетті

Бүгінде облыс аумағындағы 467 нысан «Ashyq» қосымшасы арқылы жұмыс жасауда. Мамыр айының алғашқы күнінен бастап бүгінге дейін «Ashyq» қосымшасын орнатқан нысандарға келген 136 адамнан оқшаулауға жататын сары және қызыл мәртебе анықталған. Жалпы, маусым айының 2-сі күні облыста коронавирус індетін жұқтырған 95 жағдай тіркелген. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен КВИ-ға қарсы жедел штаб отырысында БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.

 2

Өңірдің бас санитарының мәлімдеуінше, дерт жұқтырғандар қатарында ауру адаммен тікелей қарым-қатынаста болған 23, ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 51 стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 3 және профилактикалық мақсатта тексерілген 18 адамнан індет белгілері анықталған. Мамыр айы басталғалы бері 74 310 адамнан ПТР сараптама алынған.

3

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Әбдірахманованың айтуынша, күні бүгінге дейін өңірдің 70 мыңға жуық тұрғыны екпенің бірінші, 33 мыңға жуығы екінші компонентін алған. Екпе салу шарасы 47 медициналық орындарда жүзеге асырылуда.

4

Сонымен қатар екпе салу ісіне 12 жылжымалы емханалар тартылып, аудандардағы 2 172, қаладағы 4 182 тұрғын сол орындардан екпе алған. Дейтұрғанмен, соңғы кездері екпе алуға ниеттілердің қатары күрт төмендеген. Осыдан бір ай бұрын тәулігіне 2500-3000 адам екпе салдырса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш орташа есеппен 450 адамды құрап отыр.

6

- Коронавирус індетінің таралуы бойынша өңіріміз сары аймаққа кіргенменен, еш босаңсуға болмайды. Бүгінгі күннің өзінде тәулігіне жүзге жуық адамнан індет белгілері анықталуда. Біздің облыспен шекаралас орналасқан Ресей өңірлерінде де жағдай өте тұрақсыз болып тұр. Тап қазір бұл шараны қатаң бақылауда ұстамасақ, өткен жылдың күзі мен қыс мезгіліндегі көрсеткіштерге қайта оралуымыз әбден мүмкін. Ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін барлық санитарлық-карантиндік шараны сақтауымыз керек. Бүгінгі отырыста тұрғындардың індетті кімнен, қайда, қашан жұқтырғандығын айтуға құлықсыздық танытатыны да айтылды. Олардың мұндай қадамдарға баруы ауруды ауыздықтауға кері әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан жауапкершіліктен қашпау керек. Сонымен қатар «Ashyq» қосымшасы арқылы қызметін жандандырған мейрамханалар мен қоғамдық көліктердегі сақтық шаралары да қатаң сақталуы керек, - деді Ғали Нәжімеденұлы.

1

Өңір басшысының төрағалығымен өткен штаб отырысында Орал қаласындағы мониторингтік топтың жұмысы, көпшілік шараларды қауіпсіз ұйымдастыру, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын ашу жайы талқыланды.

 7

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале