Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы техникасы паркінің тозу деңгейі 10%-ға төмендеді. Осы орайда мемлекеттік қолдау шаралары ең алдымен отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Мысалы, отандық техниканы сатып алу кезінде субсидия 30%-ды құраса, импорттық техникаға
15-25% көлемінде беріледі. Сондай-ақ жеңілдетілген лизинг бағдарламасында отандық техникаға басымдық беріледі.
" Осы шаралар отандық машина жасау саласының дамуына оң әсерін тигізді - бір жылдың ішінде ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі 22%-ға артты. Биыл өндіріс көлемін 9,9 мың техникаға жеткізу, яғни тағы 6%-ға ұлғайту жоспарланған. Бұдан бөлек, Қазақстан нарығына CLAAS, John Deere, Amazone сияқты әлемдік өндірушілер мен олардың серіктестері келіп жатыр. Ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жаңаруы егіс жұмыстарын оңтайлы агротехникалық мерзімдерде жоғары өнімділікпен жүргізуге, сондай-ақ егіс сапасы мен біркелкілігін арттыруға мүмкіндік береді ", - деді вице-министр.
