25.08.2021, 9:55
Оқылды: 360

Елде карантиндік шаралар жеңілдетіледі

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.

e2f0b200f041be5c3473b747d2493c6c

            Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдады.

  1. Биыл 28 тамыздан бастап  рұқсат беріледі:   

- «ASHYQ» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, «ASHYQ» жобасының көшбасшылары - «ASHYQ» қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің ️«жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін;

- сенбі күні - қоғамдық көлік қызметіне.

  1. Биылғы 30 тамыздан бастап жұмыс күндері:   

- «ASHYQ»  жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, «ASHYQ»  жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.

Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері  6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Премьер-министрдің орынбасары тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді:   

- медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;

- санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;

- педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында «ASHYQ» жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;

- білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

- мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.

ВАК отырысында Премьер-министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырма берді.

BAQ.KZ. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале