18.09.2024, 13:00
Оқылды: 64

Елдос Сайдалин: «Мықтылар турнирінен» соң ұлттық құрамада көп нәрсе анықталады»

Әйелдер боксынан Қазақстан командасының бас бапкері Елдос Сайдалин еліміздегі барлық спортшы «Мықтылар турниріне» дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

0177C3B3-6E32-492E-9584-F9D3819C7BE7

Сурет: Olympic.kz

Айта кетелік, әйелдер боксынан «Мықтылар турнирі» 22-28 қыркүйек күндері Қарағандыда өтеді. Бәсеке алдағы Азия чемпионатына іріктеу болып есептеледі.

«Санаулы күннен соң Қарағандыда «Мықтылар турнирі» басталады. Бұл бәсекеде қыздарымыз шлемсіз жұдырықтасады. Жаңа ереже сондай болғандықтан, бейімделу керек. Жарысқа Париж Олимпиадасының жүлдегері Назым Қызайбай қатыспайды.

Қазіргі таңда бәрі өз аймақтарында дайындалуда. Кімнің қандай салмаққа ауысқаны да содан соң белгілі болады. Бір анығы – Алуа Балқыбекова ресми түрде 50 келіге өтті.

Қарағандыдағы жарыстан соң, Азия біріншілігі өтеді. Содан кейін көп ұзамай Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады. Сол бәсекелер алдағы құрамға қатысты көптеген сұрақтың жауабын бермек», - деді бас бапкер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале