20.03.2023, 8:09
Оқылды: 54

Елена Рыбакина – Индиан-Уэллс турнирінің жеңімпазы атанды

 Ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь) жеңіп, Калифорнияда өтіп жатқан Мастерс санатындағы Индиан-Уэллс турнирінің чемпионы атанды. Есеп: 7-6 (11), 6-4. Ойын 2 сағат, 6 минутқа созылды. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясы хабарлады. 

IMG_20230320_080757

Фото: kazsports.kz

Бұл екі теннисші арасындағы 5-матч-тұғын. Бүгін қазақстандық бұл текетірестегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, әрі биыл қаңтарда Аустралия ашық чемпионатының финалында кеткен есесін қайтарды.
Жалпы бұл Елена Рыбакинаның карьерасындағы 12-финал болды. Отандасымыз соның төртіншісінде басым түсті. Калифорния корттарындағы жеңісі үшін ол 1000 ұпаймен бірге 1 миллион, 262,220 мың АҚШ долларына ие болды. Осылайша, Рыбакина бүгін жаңаратын WTA рейтингінде 10-орыннан 7-сатыға көтеріледі. Бұл қазақ теннисі тарихындағы ең үздік көрсеткіш.

Айта кетейік, Елена Индиан-Уэллс бәсекесінің жартылай финалында әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекті сенімді жеңсе, ширек финалда чехиялық Каролина Муховадан басым түсті. Оның алдында Варвара Грачева (Ресей), Паула Бадоса (Испания) мен София Кениннен (АҚШ) мықты екенін паш етті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале