28.10.2024, 11:00
Оқылды: 77

Елімізде 28 қазан мен 3 қараша аралығында қандай спорттық шаралар өтеді?

IMG_0137

31 қазан - 6 қараша – Ә.Асқаровты еске түсіруге арналған ересектер арасындағы көкпардан республикалық ашық турнир. Жарысқа еліміздің барлық өңірі мен Астана, Алматы қалаларынан 150 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Шымкент қаласы.

28-31 қазан – Тиранда (Албания) олимпиадалық емес салмақтарда күрес түрлерінен әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасынан қатысатын палуандар:

28-31 қазан – Грек-рим күресі:

55 кг: Исхар Құрбаев

63 кг: Ержет Жарлықасын

72 кг: Мейіржан Шермаханбет

82 кг: Евгений Поливадов

29 қазан – Әйелдер күресі:

55 кг: Зүлфия Яхьярова

59 кг: Диана Қаюмова

65 кг: Ирина Казюлина

72 кг: Жәмила Бақбергенова

30-31 қазан – Еркін күрес:

61 кг: Асыл Айтақын

70 кг: Нұрғожа Қайпанов

79 кг: Дәулет Ергеш

92 кг: Нұрдәулет Бекенов

1-3 қараша – Қазақстан спортшылары мәнерлеп сырғанаудан Grand Prix de France 2024 халықаралық турниріне және Гран-при сериясының үшінші кезеңіне қатысады.

Өтетін орны: Франция, Анжер қ., AngersIce Parc мұз сарайы.

1-3 қараша – Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен Әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасынан 12 спортшы қатысады.

Өтетін орны: АҚШ, Солт-Лейк-Сити.

30 қазан - 2 қараша – Киокушинкай-кан каратэден ҚР чемпионаты. 15 өңірден 120-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Өтетін орны: Талдықорған қаласы.

31 қазан - 4 қараша – Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы комбат дзю-дзюцудан Қазақстан кубогі. Жарысқа 200-ден астам спортшы қатысады.

Өтетін орны: Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы.

2-3 қараша – AIGA грэпплингтен ҚР чемпионаты.

Өтетін орны: Қостанай қаласы.

Дереккөз: Туризм және спорт министрлігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале