19.02.2024, 14:45
Оқылды: 18

Елімізде 29 мың автокөлік иесі айыппұл төлемей жүр

Бүгінде ел бойынша айыппұл тұрағында 29 мың автокөлік тұр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлім етті.

 жп погода

«Қорғау» бағдарламасы – жалған нөмірлі автокөліктерді, сақтандырусыз, іздеу салынған немесе жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөліктер мен олардың иесін анықтайды. Сонымен қатар аталған қосымша айыппұлы төленбеген автокөліктерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бұрын заң бұзушылықтарды анықтау үшін көліктерді тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексеру қажет болатын, ал қазір ақпараттық жүйе көшедегі бейнекамераларға жазылған деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейдің планшетіне «қауіпті» жүргізуші деген хабарлама жібереді. Осылайша, полиция жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтайды», - деді Ақтоты Боранова ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мобильді қосымшаның көмегімен жалған автокөлік нөмірімен жүрудің 1,5 мыңға жуық фактісі анықталды.

«Сондай-ақ 6 мың көлік жүргізуші куәлігінен айрылды, 8,5 мың мемлекеттік нөмір тәркіленді және айыппұл тұрағында 29 мың автокөлік тұр. Осы орайда өңірлерге жол ережелерін бұзу фактісін жылдам анықтайтын бейнекамераларды оның ішінде «Қорғау» жүйесіне қосылған камералар желісін арттыру ұсынылады. Бұл көлік жүргізу мәдениетін арттыруға және жазаны автоматты белгілеуге мүмкіндік береді», - дейді ол.

ІІМ-нің мәліметі бойынша бүгінде ел аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайын тіркейтін 22 мың автоматты камера орнатылған. Олардың көмегімен ереже бұзушылықтың 50%-ы анықталады.

kaz.inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале