6.09.2026, 9:00
Оқылды: 59

Елімізде 881 миллиард теңгеге жаңа электр стансасы салынады

ҚР Үкіметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмір генерациясын дамыту тапсырмасына сәйкес Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасы салынады.

wal_172619-chimneys-9599975_1920

Фото: pixabay.com

ҚР Энергетика министрлігі мен «ГРЭС Курчатов» ЖШС арасындағы құны 881 млрд теңгелік инвестициялық келісімді мақұлдау туралы қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

​Жоба аясында «таза көмір» технологиялары мен заманауи сүзу жүйелері қолданылып, әрқайсысы 350 МВт болатын екі энергия блогы 2032 жылға дейін кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі.

Станса іске қосылған соң жылына 5 млрд кВт·сағ дейін электр энергиясын өндіріп, 4,4 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале