31.10.2022, 12:30
Оқылды: 66

Елімізде 9 айда 2075 адам жоғалып кеткен

2022 жылғы 9 айдың ішінде Қазақстанда 2075 адам жоғалған. Хабарсыз кеткен адамдарды іздеу барысы туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Нұрлан Темірбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13

«Қазіргі уақытта жоғалған адамдарды іздестіруде заманауи техникалық құралдар тиімді пайдаланылуда. Дегенмен техникалық құралдарды пайдалану туралы ақпарат құпия яғни жариялауға жатпайды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық сатистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметі бойынша биыл 9 айда 2075 адам хабар-ошарсыз кеткен. Оның ішінде 1189 адамның қайда жүргені анықталды, ал қалған 801 адамды жалғасып жатыр», - деді Нұрлан Темірбаев ҚР ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл елімізде 9 айдың ішінде 186 кәмелет жасына толмаған бала және жасөспірімге іздеу жарияланды.

«Бүгінде 176 хабар-ошарсыз жоғалған кәмелетке толмағандардың мекені анықталды. 6 жасөспірімге іздестіру әлі жүріп жатыр. Оның ішінде Шымкент қаласы – 2, Алматы қаласы - 1, Алматы облысы – 1, Жетісу облысы – 1, Түркістан облысы - 1 жасөспірім», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай өткен апта ішінде ел көлемінде 2655 қылмыс жасалды. Оның ішінде 14 кісі өлімі тіркелді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале