19.02.2025, 17:00
Оқылды: 205

Елімізде бекітілген жоспарсыз ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады

Мәдениет және ақпарат министрлігі тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу ережелері мен шарттарына түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz. 
жп кыс орал 2025 (7)

Сурет: сайт архивінен

Атап айтқанда, Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетінің сақталуын, түлетуді, қайтадан жасауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган бекіткен тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспары негізінде жүргізіледі.

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді.

Уәкілетті орган тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспарын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға қалыптастырады.

Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар ұсыныстарын уәкілетті органға жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 тамызына  дейінгі мерзімде ұсынады.

Уәкілетті орган тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың алдын ала жоспарын қалыптастыруды жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде қамтамасыз етеді және жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде бекітеді.

Бұл ретте, тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың бекітілген жоспарына өзгерістер енгізуді уәкілетті орган мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырады.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында 6 наурызға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале