13.08.2026, 19:00
Оқылды: 0

Еліміздегі екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебесі беріледі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Астанада өткен Арнайы комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне «Ұлттық» мәртебесі берілетін болды.

InShot_20260813_182936185

Фото: madenietaqparat

Комиссия екі мекеменің Президент Жарлығындағы талаптарға, соның ішінде құжаттардың сақталу деңгейі мен цифрлық инфрақұрылымына сай келетінін бағалаған.

Мемлекет пен қоғам үшін айрықша маңызы бар бұл мәртебе архивтерге 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ресми түрде беріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале