3.02.2022, 10:30
Оқылды: 51

Елордада теннистен Қазақстан чемпионаты өтеді

Елордада 14-18 ақпанда теннистен Қазақстан қысқы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды- ҚазАқпарат тілшісі.

200315095933730e

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, айтулы додаға еліміздің өңірлерінен маңдайалды ойыншылар қатысады.

Атап айтқанда, Денис Евсеев, Бейбіт Жукаев, Григорий Ломакин, Максим Батютенко, Никита Сидоров, Ерасыл Ерділдә, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Дана Байдәулет, Сандуғаш Кенжебаева және басқалар бақ сынайды.

Қазақстан теннис федерациясы жарыс жеңімпаз-жүлдегерлерін қаржылай көтермелемекші. Жекелей сында чемпион атанғандарға 7 мың, финалиске 5 мың, қола жүлдегерге 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы белгіленді. Жұптық сында сәйкесінше екі жеңімпазға 3 мың, қос финалиске 1500 доллар берілмекші.

Сонымен қатар алтын және күміс жүлдегер ҚР спорт шебері, жартылай финалистер ҚР спорт шеберлігіне үміткер атанады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале