22.05.2023, 9:00
Оқылды: 32

Елордалық ауруханада госпиталдық фармация бөлімшесі ашылды

"Астана қаласының № 2 көп бейінді қалалық ауруханасында алғаш рет госпиталдық фармацияның жаңа бөлімшесі ашылды", - деп хабарлайды ҚР денсаулық сақтау министрлігі.

9af7fb4c2866593d3e1c8ba5314c55aa_1280x720

«Басты мақсат – пациенттерге препараттарды жеткізу жүйесін цифрландыру, дәрілік заттардың дербестендірілген есебін жүргізу. Мұнда берілетін дәрі-дәрмектердің саны автоматты түрде бақыланады. Бұл бөлімшенің бірегейлілігі: медициналық дәрі-дәрмектерге жұмсалатын шығыстарды үнемдеу. Сонымен қатар, дұрыс емес тағайындаулар мен емдеу қаупі азаяды. Алдын ала есептеулер бойынша жоба жылына 400 млн теңгеге дейін бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Госпиталдық фармация бөлімшесінің жобасы бүкіл әлемде қолданылады және халықаралық талаптардың бірі болып табылады. Қазір қала бойынша 9 стационар жұмыс істейді, алдағы уақытта бұл жүйені барлық көп бейінді ауруханаларға енгізу жоспарлануда.

«Жобаның негізгі міндеті - дәрігерлердің тағайындауы бойынша дәрілік заттарды уақтылы және сапалы дайындау және буып-түю, сондай-ақ оларды медициналық ұйымның клиникалық және пара-клиникалық бөлімшелеріне жеткізу. Клиникалық фармаколог әр пациентке жас, салмақ, қарсы көрсетілімдер, тәуліктік доза және т.б. параметрлері бойынша тағайындайды. Бұл жобаны іске асыру кезінде біздің клиникада жұмыс істейтін Акгюн ақпараттық жүйесінің дайындығы маңызды рөл атқарды», - деді №2 КБА бас дәрігері Нұрбол Тұрсынбаев.

Аурухана басшысы болашақта клиниканың екі жеке ғимаратын біріктіретін және қабылдау бөлмешесінің хабына айналатын жаңа ғимараттың жобасын ұсынды. Дәл осы жерде балаларға арналған жаңа травматологиялық пункт ашу жоспарлануда.

Ауруханада пациентке бағытталған моделді дамыту мақсатында - пациенттерді қолдау қызметі қадамдық қолжетімділікте, электрондық кезек енгізілді, пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызу алгоритмі пысықталды. Жақын арада барлық ниет білдірушілер онлайн режимде бос төсек-орындардың санын көре алады, ол клиниканың сайтында да қолжетімді болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале