«Қос домбыра» облыстық домбырашылар байқауының гала-концерті өтті
19 Тамыз 2022

«Қос домбыра» облыстық домбырашылар байқауының гала-концерті өтті

Екі үй отқа оранды
19 Тамыз 2022

Екі үй отқа оранды

Қызыл жалынды ауыздықтау жұмысы жалғасуда
19 Тамыз 2022

Қызыл жалынды ауыздықтау жұмысы жалғасуда

Қазақстанда қанша қала, ауыл бар?
19 Тамыз 2022

Қазақстанда қанша қала, ауыл бар?

«Жұмыс жоқ» дейтін азаматтардың көбінің білімі жоқ – вице-премьер
19 Тамыз 2022

«Жұмыс жоқ» дейтін азаматтардың көбінің білімі жоқ – вице-премьер

Әнге салды Санжар және Айсезім
19 Тамыз 2022

Әнге салды Санжар және Айсезім

Еңбек министрлігі базалық зейнетақы мөлшерін көбейтуді ұсынды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі базалық және ынтымақты зейнетақыны көбейтуді ұсынып отыр. Бұл туралы министр Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220630125731790e

«Қазір тағайындалатын жиынтық зейнетақы мөлшері алдыңғы жылдармен салыстырғанда азайып келеді, өйткені еңбек өтілі аз. Осыған байланысты біз қазір өз есептеулерімізбен бірге базалық зейнетақыны көбейту үшін оның параметрлерін өзгерту бойынша ұсыныс енгіздік», - деді Еңбек министрі Мәжілісте тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Тамара Дүйсенованың айтуынша, ынтымақты зейнетақыны да арттыру үшін параметрлерін өзгерту ұсынылып отыр.

«Қолданыстағы заңнама аясында зейнетке ерте шығу мүмкіндігі бар. Қазір зейнетақы аннуитеті мәселелерін қарастырып жатырмыз», - деді министр.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге. Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 48 032 теңге.

Бұған дейін Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету мәселесі жұмыс тобында талқыланып жатқанын айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале