7.02.2023, 12:01
Оқылды: 86

Енді түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданады

Мемлекеттік қызметке кедергісіз түсу, жас мамандарға жол ашу мақсатында заңнамаға өзгерістер енген. Бұл туралы бізге БҚО Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Венера Масимова айтып берді.

1E9E864A-94D6-41A8-9175-6A24A0DE581E

– Грантқа оқуға түсіп, оқуды жақсы аяқтаған түлектер аудандық, ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындала алады. Бұл соңғы кезде енген жаңашылдық. Ондағы мақсат жастарды, соның ішінде мемлекеттік қызметке түскісі келетін білікті, білімді жастарды қолдау, - деп атап өтті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Венера Нұрахметқызы.

Айта кетейік, жалпы БҚО-да 3 416 мемлекеттік қызметші қызмет етіп жатыр.

«2022 жылы төрт тұлға саяси лауазымға тағайындалды. 625 маман конкурс арқылы тағайындалса,  5 адам ротациялау тәртібімен лауазымға тағайындалды», - деді басқарма басшысы.

– Мемлекеттік қызметке түсу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі тестілеу. Былтыр аймақ бойынша үш мыңнан астам адам тестілеуден өткен.

Әр мемлекеттік қызметкер үш жыл сайын біліктілігін арттыру шараларына қатысады екен. 2022 жылы біліктілігін арттыру курсынан 912 адам өтті, - деді Венера Масимова.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале