14.11.2022, 16:30
Оқылды: 144

Ер адам жүкті әйеліне түсік тастауға арналған дәрі берген

Техас тұрғыны, 38 жастағы заңгер Мейсон Херринг жүкті әйелінің сусынына түсік түсіретін таблеткаларды қосып, іштегі баладан құтылуға тырысқан. Бұл туралы ABC желісіне тиесілі жергілікті KTRK телеарнасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

14

Телеарнаның хабарлауынша, ерлі-зайыптылар 2022 жылдың басында айырылысқан, бірақ некені сақтап қалуға тырысқан. Ақпан айында Херринг әйелінің жүкті екенін біледі. 17 наурызда таңертең ол әйеліне бір стақан су әкеліп, оны көбірек ішу керек екеніне сендіреді. Ағзаға сұйықтық жетіспеуі жүктілікке теріс әсер етуі мүмкін екенін айтады. Бірнеше жұтымнан кейін әйел ауырып, ауруханаға барады, бірақ дәрігерлер оған не болғанын түсінбейді.

Херринг тағы бір рет сусын әкелгенде, әйел күдіктеніп, оны ішпей, дәлел ретінде сақтап қалады. Сәуір айында әйел қоқыс жәшігінен жүктілікті тоқтататын дәрі-дәрмектің пакетін тауып алған. Әйел үйге камера орнатып, күйеуінің суға дәрі құйып жатқан сәтін түсіріп алған. Сөйтіп полицияға хабарласқан. Ер адам қамауға алынды, бірақ кейін 30 000 доллар кепілдікке босатылды.

Препаратты қабылдау салдарынан әйел мерзімінен бұрын босанды, бірақ нәресте сау болып дүниеге келді. Херринг – штатта мәжбүрлі түсік жасатқаны үшін айыпталған бірінші адам.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале