4.05.2023, 15:30
Оқылды: 66

Ерлік пен бірлік жеңіске жетелейді

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 31 жыл және Ұлы жеңіске 78 жыл толғалы отыр. Мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етіп ел тыныштығын сақтауда Ұлттық ұлан әскерінің атқарып келе жатқан міндеті зор. Осы орайда толығырақ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Бақыт Алазов айтып берді.

e9f31249-e7f2-46e8-aead-7ed563a3ffad

 Полковник мырза, Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Бүгінгі әңгімемізді Ұлттық ұлан әскерінің құрылу тарихынан және әскердіңатқаратын міндеттерінен бастасақ.

   -Елімізде егемендік жарияланғаннан кейін, Президент жарлығымен Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері, бүгінгі Ұлттық ұлан әскері құрылды.

31 жыл бойы ұландық әскери қызметшілер өздерінің елеулі еңбектерімен ұлттық қауіпсіздік жуйесінде өз орындарына сәйкес екенін дәлелдеуде.

Осы жылдар ішінде құқықтық тәртіп әскері елмен бірге жасасып, дамып келеді.

Ұлттық ұлан әскері үшін 2014 жылдың 21 сәуірі - тарихи маңызы бар айтулы күн. Дәл сол күні елімізідің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ІІМ Ішкі әскерлерінің заңды мұрагеріне «Ұлттық ұлан» мәртебесін берді. Ұлттық ұлан жеке құрамы өздеріне жүктелген міндеттерді абырой мен атқаруда. Ата заңда жазылған Отан алдындағы антқа адал. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін және қоғам құндыльқтарын, территория тұтастығын, мемлекет мүддесін қорғауда қырағылықтың жоғары үлгісін керсетіп келеді. Әскердің әлеуетін арттыру мақсатында 2015 жылдың 10 қаңтарында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Заң қабылданды.

Онда әскерге жүктелген ескі функциялармен қатар, жаңа міндеттер де қосылды. Жалпы егемендік жылдары ішінде офицерлер корпусы, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, мерзімді қызметтегі сарбаздар халықтың мүддесі үшін кез келген міндетті орындай алатынын дәлелдеді.

Ұлттық ұлан Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және жеке адамның, коғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарын қылмыстық және өзге де қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.

 - Полковник мырза,  жыл басы Батыс Қазақстандықтар үшін  ауыр әрі курделі кезең болғаны сөзсіз. Ақтөбе және Орал қалаларындағы елді мекендерді су шайып тұрғындар үйсіз қалды. Ендігі кезекте «Батыс» -өңірлік қолбасшылығының жауынгерлері осы күрделі  жағдайда қалай қызмет атқарғаны туралы айтып өтсеңіз?

- Иә жыл басы Орал және Ақтөбе қалаларының тұрғындары үшін оңай басталған жоқ. Осы өңірлердегі бірнеше елді мекендерді су басып, сонымен қатар көптеген ауылдар мен аудандарға да су басу қауіпі төніп тұрды. Осындай бір сын сағатта өңірімізге қарасты 5517 және 6655 әскери бөлімдердің жауынгерлері бір сәт тыным таппай халыққа көмектерін аямады. Құқықтық тәртіп әскерлері Ақтөбе және Орал қалаларында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысты. Төтенше жағдайларды жоюға барлығы 500-ден астам әскери қызметші мен 30 бірлік техника жұмылдырылды. Біздің жауынгерлер көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен адамдарға кемекке келді. Су тасқынынан 300 адам эвакуациялады. Сонымен қатар таяуда ғана Жаңаөзен қаласының 2- шағын ауданында 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылып салдарынан үйге кіреберістің 150 шаршы метрі қирап қалған болатын. Осы уақытта да оқиға орнына аршу жұмыстарын жүргізу үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5548 әскери бөлімінің әскери қызметшіліері жұмылдырылып,үйінділерді тазалауға алғашқылардың бірі болып жеткен болатын. Өздеріңіз білетіндей Ұлттық ұлан құқықтық – тәртіп әскері қандай жағдайда болмасын халыққа көмекке келуге әрдайым дайын тұрады.

-9 мамыр - Жеңіс күні, жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым ететін күн. Осы күнді қалай атап өткелі жатырсыздар және сол Ұлы отан соғысы туралы өз ойыңызбен бөлісе кетсеңіз?

 - Әрине Жеңіс күнін Ұлттық ұлан әскері ғана емес, барлық ТМД мемлекеттері кең көлемде атап өтеді. Ал біз Ұлттық ұлан әскері өз тарапымыздан сол майданға қатысқан соғыс, тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап өзіміздің ізгі ықласымызды білдіріп, әскери бөлім аумақтарында өңір басшыларының қатысуымен кең көлемде атап өтеміз.

  Ұлы Отан соғысына келетін болсақ жалпы біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалынында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді.
Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбектері жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс. Отаншыл болу – ең алдымен өткенді білу. Осынау қойнауы қазынаға толы байтақ даланың әр пұшпағын бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғағанын ұмытпау – парыз. 

  Қазақ жері – киелі, қасиетті. Оны малмен, ақшамен, алтын-күміс, асыл тастармен бағалауға келмейді. Отаншыл болу – бір-біріңе бауырмал болу. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер де өз соңынан ерген ұрпақты дұрыс тәрбиелеуі керек. «Отаным маған не бересіңдеп емесОтаным, мен саған не бере аламындепөсу керек. Сонда елімізде әрқашан да бейбітшілікболады. Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар азаматттар білімді болса, олар барлық қиыншылықты ақылмен шеше алады.
Соғыс кезінде қаншама жастар қыршынан қиылды. Олар Отан үшін жанын пида етті. Ал олардың әрқайсысының анасы, баласы, сүйген қыздары, үлкен армандары бар еді. Бірақ олар елге қауіп төнген кезде барлығын да құрбан етті. Майдан шебінде жанын пида еткен жауынгерлер мәңгі есімізде қалады. Отан үшін отқа түсіп, Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз.

Сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.

Полковник мырза уақытыңызды бөліп сұхбат бергеніңізге көп рахмет!

       Сұхбаттасқан капитан Ертуған Әубакир.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале