6.01.2023, 17:17
Оқылды: 329

Ескертуді елемей жолға шыққандар жауапқа тартылмақ

Жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін қолайсыз ауа райы жағдайлары туындаған кезде жекелеген бағыттарды полиция қызметкерлері жабатын болады.

8

Фото дереккөзі: 24.kz

Бұл шектеулер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ғана енгізілетін болады.

Осыған байланысты облыс тұрғындарынан түсіністікпен қарауды сұраймыз!

Құтқару қызметінің хабарламаларын, ауа-райының жай-күйі және қала сыртындағы жолдарда енгізілген қозғалыс шектеулерін ескере отырып, қала сыртындағы сапарларды жоспарлау.
Батыс Қазақстан облысының аумағында жолдардың жабылуы туралы ақпаратты "Instagram" мессенджеріндегі "policebqo"парақшасынан да нақтылауға болады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдардың жабық учаскелеріне рұқсатсыз шығу жағдайында ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі (құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану арқылы жауапкершілік көзделгенін еске саламыз, бұл 103.500 теңге немесе әкімшілік қамаққа алу 15 тәулікке дейінгі мерзімге.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале