13.12.2022, 11:46
Оқылды: 70

Еуропаның солтүстігінде – қарлы боран, оңтүстігінде – су тасқыны

Ұлыбританияда қар жауып, күн суытып, көлік қозғалысы қиындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

221213083450102e

Ұлыбританияның кейбір аудандарында ауа температурасы минус 10 градусқа дейін төмендеді. Ауа райы қызметі Англияның оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында, сондай-ақ Шотландияның солтүстігінде қар, тұман және аяз болатынын ескертті. Лондонның Станстед әуежайы әуе қозғалыстарында үзілістер болатынын хабарлады.

Польша аумағында қалың қар жауып, автомобиль және теміржол қатынасы қиындады. Полицейлер жол-көлік оқиғаларының көбейгенін хабарлады. Ауа райы болжамы бойынша, қардың соңы аязға ұласады. Ауа температурасы минус 10-15 градусқа дейін төмендейді. Түнде 20 градусқа дейін аяз.

Күшті боран Эстонияға да жетті. Синоптиктер ауа райының қолайсыздығы туралы екінші деңгейлі ескерту жариялады. Дүйсенбі күні таңертең қар жауып, жел соққаннан 10 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Жол қозғалысы қиын. Әуежайларда рейстер тоқтатылды.

Ал Босния мен Хорватия жаңбыр салдарынан туындаған су тасқынынан зардап шегіп отыр. Ондаған үйлер мен жолдарды су басқан. Билік жауын-шашын тоқтамаса, эвакуация жүргізілуі мүмкін екенін айтты. Боснияда қала маңындағы көшкін кем дегенде бір адамның өмірін қиды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале