4.10.2021, 21:21
Оқылды: 114

Facebook, Instagram және WhatsApp желілері істен шықты

Facebook, Instagram және WhatsApp желілері әлем бойынша істен шықты.

A1877C24-EE3C-40ED-8E75-8C36DDF43235

Желі қолданушылары қазіргі уақытта Youtube пен Telegram желілері ғана істеп тұрғанын жазып жатыр.

Downdetector сервисінің мәліметінше, бұл әлем бойынша байқалған ақау. Әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы Қазақстан, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Аргентина, Италия, Германия, Иран және басқа елдердің пайдаланушылары хабарлап жатыр.

Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 21.34-тен кейін пайда бола бастаған.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале